Мектеп-интернатта балаларды ұрып-соққан медбике сотталды
Мектеп-интернатта балаларды ұрып-соққан медбике сотталды
680
оқылды
Ақтөбеде 30 жастағы медбике Қылмыстық кодекстің “азаптау” бабы бойынша сотталды. Ол мектеп-интернатта балаларды ұрып-соққан. Айыптауға сәйкес әйел өзі қадағалауға тиіс мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерін ұрып-соғып отырған. Қылмыс көктемде психикалық ауытқулары ауыр балалар тәрбиеленетін мектеп-интернатқа прокурорлық тексеру барған кезде ашылған. Бейнебақылау камераларынан әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өз тәрбиеленушілерін ұрып-соққаны анықталды. Нәтижесінде, қылмыстық іс қозғалды. Сотта медбике өз кінәсін мойындады. Ол төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.