Cарқан ауданының әкімі көз жұмды
Cарқан ауданының әкімі көз жұмды
5,532
оқылды
Бүгін Жетісу облысына қарасты Cарқан ауданының әкімі Талғат Қанатұлы Қайнарбеков 53 жасында мезгілсіз өмірден озды. Талғат Қанатұлы еңбек жолында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Текелі және Қапшағай қалаларының әкімі қызметтерін атқарған. 2020 жылдың мамыр айынан Сарқан ауданын басқарды.
"Ол адамгершілігімен, кәсіби қасиеттерімен ерекшеленетін. Қай істің тізгінін қолына алса да өте елгезек және жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын жан еді. Қайғылы жағдайға байланысты марқұмның отбасына, туыс-туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз!" - делінген Жетісу облысы әкімдігі таратқан хабарламада.