Өрт кезінде жарақат алған 10 адамның төртеуі ауруханада жатыр. Бұл туралы Қостанай облысындағы өртке байланысты ұйымдастырылған жедел брифингі барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты.
«Өкінішке қарай, 1935 жылы туған бір адам қайтыс болды. Сонымен қатар 10 адам жарақат алған болатын. Атап айтқанда, қазір 4 адам дәрігерлердің қарауында ауруханада жатыр. Ал тағы 6 адам дәрігерлердің тексеруінен кейін өз үйлеріне жіберілді», - деп мәлім етті Талғат Уәли.Министрліктің ресми өкілі өрт жағдайы бақылауда екенін айтты. Оның ақпаратына сай, ашық жалын мен сөндіру мүмкін болмай жатқан өрт ошақтары жоқ.