Желіде қыз алып қашқандардың видеосы тарады
Желіде қыз алып қашқандардың видеосы тарады
367
оқылды
Әлеуметтік желілерде Алматыда болған қыз алып қашу оқиғасы жөнінде видео тарады. Аталған факті бойынша қала полициясы түсініктеме берді. Полицияның хабарлауынша, оқиғаның қатысушылары мен мән-жайы анықталды.
«Көлік «Буран-266» экипажымен қаланың Наурызбай ауданы аумағында ұсталды. Көлікте төрт адам болды, оның ішінде 28 жастағы А. есімді қыз бала да бар. Ол ұлттық дәстүрді сақтай отырып, тұрмысқа шыққалы жатқан күйеу жігітінің көлігіне өз еркімен отырғанын айтты. Бастапқы материалды жинақтау толық көлемде жүргізілді», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.