5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: yandex.kz
1,471
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, ал Абай облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қостанай облысының басым бөлігінде өрт қаупі сақталады. Күндіз Жетісу, Ұлытау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында қатты ыстық сақталады.