Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған қағаз сынақ кітапшалары алынып тасталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен студенттердің, магистранттар мен докторанттардың сынақ кітапшаларын алып тастау бойынша бұйрық әзірленді. Бұл оқу үрдісін жеңілдетіп, бюрократияны айтарлықтай төмендетеді. Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйесінде, кейін транскриптте белгіленетін, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың оқу жетістіктерінің тарихи деректері жүргізіліп жатады. Транскрипт студенттің сұранысы бойынша оқудың кез келген кезеңінде беріледі. Бұл жаңалық 604 345 студент, 35 690 магистрант және 6 363 докторантқа қатысты. Айта кеткен жөн, бір сынақ кітапшасының құны орташа есеппен 380 теңгені құрайды. Жалпы, цифрландыру заманында барлық білім беру жүйесі біртіндеп онлайн-форматқа көшуде.