Әулиекөл ауданына қарасты Әулиекөл ауылындағы «Болашақ» стадионында орналасқан гуманитарлық көмекті қабылдау пунктіне «AMANAT»-тың алғашқы гуманитарлық көмегі келді. Мұнда Қостанай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккен және эвакуацияланған тұрғындарға азық-түлік пен қажетті заттар таратылып жатыр.
«Сын сағатта қостанайлықтарға көмектесу – біздің парызымыз. Партия Төрағасы Ерлан Қошановтың бастамасымен барлық өңірлік филиалдарда пункттер аштық. Барлық партиялықтар қолдау көрсетті. Соның нәтижесінде 312 тонна гуманитарлық көмек жиналып, біртіндеп осында жеткізіле бастады. Бұл – азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық құралдар, тұрмыстық техника және тағы басқалар», – деді «AMANAT» партиясының Хатшысы Ринат Кертаев.