«AMANAT» партиясы Орталық аппаратының ұжымы Қостанай облысындағы табиғи өрттерден зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету қорына бір күндік жалақысын аударады.
Қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түкпірінен азық-түлік, жеке тазалық заттары, киім-кешек, төсек-орын, сондай-ақ қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар тиелген жүк көліктері жөнелтіліп жатыр.