Алматыда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні аталып өтті
Алматыда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні аталып өтті
306
оқылды
Кеңес әскерінің Ауғанстан Демократиялық республикасынан шығарылғанына 31-жыл толуына арналған іс-шара Алматы қаласындағы 28-ші панфиловшылар паркінде аталып өтті. Аталмыш іс-шараға ауған соғысының ардагерлері, жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері, ҚР Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері Әскери институтының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары, «Жас ұлан», «Арыстан» мамандандырылған әскери-мектептерінің тәрбиеленушілері мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жастар қозғалысының қатысушылары қатысты.    width= Жалпы саны 2500-нан астам адам қатысқан мерекелік іс-шараның шымылдығын «Ұлттық әскери-патриоттық орталыгы» филиалының көркем өнерпаздар ұжымы ашты.Олар ауған соғысының ардагерлерін мерекелік концертпен құттықтап, «Ауғанстан» атты бейне баяндарын ұсынды.  width= Іс-шараның салтанатты бөлімінде Алматы қаласы әкімдігінің өкілі, Алматы гарнизоны бастығының орынбасары, ауған соғысының ардагерлері мен соғыстан оралмаған ардагердің анасы көпшілік алдында сөз алып, жиналған қауымды мерекелерімен құттықтады.
"Алматы гарнизоны бастығының орынбасары полковник Раджан Жанысов: «Тарихи күннің кейіпкеріне айналған, әскери анттарына адал болған ардагерлердің ерліктері келер ұрпақ үшін тәрбие мектебі.Ешқандай соғыс шығынсыз болмайды. Жат елде қаза тапқан қандастарымыз әрдайым жадымызда. Олардың ерліктері ұмытылмақ емес. Аман оралған бауырларымызға тек бейбіт күннің қызығын көруді тілейміз"-, деген тілегін жеткізді.  width=
Мерекелік іс-шара барысында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті.   Салтанатты рәсімнің соңында жиналған халық Мәңгілік алауға және ауған ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухтарына тағзым етті.  width= Ауған соғысы ардагерлерінің қатарынан құрылған «Панджшер» тобының әншілері мерекелік концерттерімен шараны қорытындылады.