Доллар бағамы 0,27 теңгеге қымбаттады

Доллар бағамы 0,27 теңгеге қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 27 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 472, 63 теңге. Ұлттық банктің 5 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 472,47 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 472 теңге, сатып алу – 476 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 471 теңгеден болса, сатып алу құны – 475 теңге. Ресей рублі 7,25 - 7, 45 теңге аралығында саудаланып жатыр.