Қазақстанға Қытай президенті Си Цзиньпин келеді - СІМ
Қазақстанға Қытай президенті Си Цзиньпин келеді - СІМ
© ulysmedia.kz
850
оқылды
Қытай Халық Республикасының басшысы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға келеді.
«Кездесу аясында екі ел басшыларының қатысуымен екіжақты келісімдер жасау жоспарлануда. Сондай-ақ, түрлі саладағы әріптестікке қатысты екіжақты құжаттарға қол қойылады», – деп мәлімдеді СІМ өкілі.
Айта кетейік, 14-15 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтанда әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің Съезі өтеді. Алайда, Қытай президентінің жиынға қатысатыны туралы ақпарат тараған жоқ.