Лиз Трасс Британияның жаңа премьер-министрі болып сайланды
Лиз Трасс Британияның жаңа премьер-министрі болып сайланды
© ren.tv
249
оқылды
Консервативті партияның жаңа жетекшісі, сәйкесінше Ұлыбритания үкіметінің басшысы болып Лиз Трасс сайланды, – деп хабарлайды ВВС. 47 жастағы Трасс Тори партиясының қайраткері. Қазір ол шын берілген консерватор және оңшыл либерал. Лиз Трасс салықтарды азайтуға, атап айтқанда, оның қарсыласы – қаржы министрі Риши Сунак енгізген немесе жоспарлаған денсаулық сақтаудағы салықтар мен корпоративті салықты өсірмеуге уәде беріп отыр. Сонымен қатар Ұлыбритания үкіметінің жаңа басшысы мемлекеттік шығыстардың жалпы ревизиясын өткізуге, сондай-ақ жеңілдетілген ережелер мен фирмаларға қойылатын талаптары бар инвестициялық аймақтар құруға уәде етті.