Бірнеше өңірде 40 градусқа дейін ыстық күтіледі
Бірнеше өңірде 40 градусқа дейін ыстық күтіледі
6,557
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Алматы облысының басым бөлігінде және Алматы қаласының маңайында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы облысының солтүстігінде және оңтүстігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с болады деп күтіледі, 35-37 градус қатты ыстық болады. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с-ке жетеді. Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қатты ыстық 35-37 градус күтіледі. Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі сақталады. Абай облысының басым бөлігінде қатты ыстық 35-37 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар облысында оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық болжанады. Қарағанды облысының батысында және оңтүстігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 6 қыркүйекте күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Шығыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.