Коронавирус туралы 8 аңыз
Коронавирус туралы 8 аңыз
© Сурет ғаламтордан
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сарапшылары қытайлық коронавирустан қорғану туралы мифтерді жоққа шығарды. Мамандар әлеуметтік желілерде коронавирусты жұқтырудан құтылуға болатын "лайфхактар" тарап кеткенін айтады. Алайда оның кейбіреулері қауіпті болуы мүмкін. ДДҰ сайтында бұл ауру туралы ең танымал аңыздар туралы жазған.
  1. Қол кептіргіші микробтарды өлтіреді
"Халықтық сарапшылар" коронавирусты жою үшін 30 секунд ішінде кептіргіш үрлейтін ыстық ауа астында қолды ұстау керек деп санайды. "Аурудан қорғану үшін қолыңызды сабынмен жиі жуып, спиртті салфеткалармен сүртіңіз. Ауа ағыны-қолды құрғатудың ғана жолы, бірақ бактерияларды жоя алмайды", - делінген сайтта.  width=
  1. Қолды ультракүлгін шаммен зарарсыздандыру керек
"Ультракүлгін шамдар қолды немесе терінің басқа да бөліктерін зарарсыздандыру үшін пайдаланылмауы керек, себебі сәуле тері тітіркенуін тудыруы мүмкін", - дейді мамандар. Сондай-ақ, мұндай "алдын алу" денсаулыққа зақым келтіруі мүмкін. Сондықтан ауруханаларда шамдар тек арнайы сағаттарда ғана қолданылады.  width=
  1. Хлормен немесе спиртпен сүрту керек
"Бұл заттарды беттерді дезинфекциялау үшін пайдалануға болады, бірақ тек нұсқаулықтарға сәйкес. Спиртпен немесе хлормен сүрту сіздің денеңізге кірген вирустарды өлтірмейді. Оның үстіне, бұл әдіс шырышты қабықтар үшін қауіпті болуы мүмкін".  width=
  1. Үй жануарларынан құтылу керек
Дәрігерлер үй жануарлары коронавирустың тасымалдануына себепкер екеніне әзірге дәлел жоқтығын айтады.  Алайда, жануармен қарым - қатынаста болған соң қолды сабынмен мұқият жуу керек. Бұл – жануардан адамға өтуі мүмкін паразиттерден қорғайды.  width=
  1. Пневмонияға қарсы вакцина коронавирустан қорғайды
"Жоқ. Вирус жаңа және ерекше болғандықтан оған өз вакцинасы қажет. ДДҰ бұл тұрғыда зерттеушілерді қолдайды", - делінген сайтта.  width=
  1. Мұрынды физраствормен жуу керек
Мұндай жуу суық тиюден қорғай алады, бірақ бұл әдіс коронавирусқа қарсы күреске көмектесуіне дәлел жоқ. Бұл ауыз шаюға да қатысты.  width=
  1. Сарымсақ жеу керек
Сарымсақ пайдалы, бірақ ол коронавирустан қорғауы екіталай, – дейді мамандар.  width=
  1. Антибиотиктерді қолдану керек
Антибиотиктер тек бактерияларға ғана әсер етеді, бірақ вирус емес. Сондықтан олар коронавирустың алдын алу және емдеуге жарамсыз. Мұндай препараттармен өзін-өзі емдеу денсаулыққа елеулі зиян келтіруі мүмкін.  width=