Tomiris: кіл жүйрікте кім жүйрік?

Tomiris: кіл жүйрікте кім жүйрік?

Көшбасшы әйелдерге арналған Tomiris оқу бағдарламасының қатысушылары анық­талды. Іріктеуден өткен 30 ару 5-9 қыркүйекте өтетін 5 күндік қарқынды оқу бағ­дарламасына қатысады. Көшбасшы әйелдерге арналған Tomiris оқу бағдарламасының қатысушылары анықталды. Іріктеуден өткен 30 ару 5-9 қыркүйекте өтетін 5 күндік қарқынды оқу бағдарламасына қатысады. Бағдарламаға қатысу үшін 18 шілде – 15 тамыз аралығында барлығы 342 өтініш жіберілді. Оның ішіндегі 125 өтініш талапқа сай келді. Бірінші ке­­зеңде конкурстық ко­миссия мен тәуелсіз сарап­шылар 125 үміт­кер­дің түйіндемесі мен уәж­демелік хатын қарап, баға берді. Нәтижесін-де, қорытынды сұхбат ке­зеңіне 60 адам өтті. Екінші кезеңде комиссия мү­шелері финалға өткен үміткерлермен сұхбат жүр­гізіп, ашық дауыс беру арқылы көшбасшы әйел­дерге ар­налған Tomiris оқу бағдарламасына қа­тысатын 30 әйел азаматын іріктеп алды. Tomiris жобасы Президент жанындағы Әйел­дер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссия, Конрад Аденауэр қоры, Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистрлігі және «AMANAT» партиясының Сая­си менеджмент академиясының қолдауымен жү­зеге асуда. «Бізге еліміздің әр өңірінен шыққан 125 көш­басшының ішінен таңдау жасауға тура келді. Әр қатысушының артында іске асырылған жо­ба­лардың, жетістіктер мен жеңістердің тарихы тұр. Іріктеліп алынған 30 қатысушы біздің бағдар­ла­ма­дан көп нәрсе үйренетініне сенімдімін және Tomiris бағдарламасына қатысу олардың саяси ман­сабында жаңа деңгейге көтерілуіне көмек­те­седі деп се­не­мін», – деді конкурстық комис­сияның төрағасы, «AMANAT» партиясы Саяси менедж­мент ака­демиясының директоры Данияр Мұқи­та­нов. Биыл 18 шілдеде «AMANAT» партиясының Сая­си менеджмент академиясы Tomiris әйелдер көш­басшылығы бағдарламасына өтінім қабыл­дайтынын жариялады. Бағдарлама қатысу­шы­лардың әртүрлі деңгейдегі басшылық лауазым­дарға тағайындалуына немесе сайлануына кө­мектесетін дағдысын, білімі мен құзыретін да­мытуға бағытталған. Бағдарламада «AMANAT» партиясы басшы­лығымен, АҚДМ өкілдерімен және Парламент Мә­жілісінің депутаттарымен кездесулер қарас­тырылған. Сондай-ақ ХДО (Германия) пар­тиясының Әйелдер қанаты делегациясымен кездесу жоспарлануда. Барлық қатысушыға Нұр-Сұлтан қаласында тұру мен көлік шығындары өтеледі. Оқыту қорытындысы бойынша қатысу­шылар өз өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға ба­ғыт­талған саяси жо­ба­ларды әзірлейді және қол­данысқа енгізеді. Ака­демия жыл соңына дейін коу­чингтік онлайн-сес­сиялар арқылы әдіс­на­малық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

Асыл ТҰМАР