«AMANAT»: сын сағатта қостанайлықтарға көмектесу – басты парыз

«AMANAT»: сын сағатта қостанайлықтарға көмектесу – басты парыз

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге екі күнде «AMANAT» партиясының дәнекерлігімен 807 тон­надан астам гу­ма­нитарлық көмек жиналды. Бұл туралы Орталық ком­муникациялар қыз­метінде партия өткізген бас­пасөз-брифингінде айтылды. Қостанай облысында табиғи өрттен зар­­дап шеккен ауыл тұрғындары гума­ни­тар­лық көмек жіберген барлық жанашыр жа­н­ға алғысын білдіріп жатыр. «AMANAT» партиясының хатшысы Ри­нат Кертаев атап өткендей, қазақстан­дық­тар табиғи апат кезінде ынтымағы мен бірлігін та­ныт­ты.

«Әулиекөл ауылындағы «Болашақ» ста­дионында орналасқан штабта болдық. Онда бос орын жоқ деп айтуға болады. Көп мөлшерде азық-түлік пен әртүрлі зат­тар жеткізілді. Бұл – шынайы пат­рио­тизм­нің жарқын үлгісі. Адамдар қай өңі­р­де тұрып жатқанына қарамастан, отан­дас­тарына көмектесу үшін жұдырықтай жұ­м­ылды», – деді ол.
Сонымен қатар ол зардап шеккен елді ме­кеннің 34 оқушысы жыл сайынғы «Ба­ланы мектепке даярлайық!» акциясы ая­сында мектеп формасы жиынтығымен, оқу құралдары және кеңсе тауарларымен қам­тамасыз етілетінін жеткізді. «AMANAT» партиясының Қостанай об­лыстық филиалының атқарушы хат­шысы Бибігүл Аққожинаның айтуынша, қа­зіргі уақытта өңірде 21 гуманитарлық пункт жұмыс істеп жатыр. Бұл бекеттер сырт­тан келген көмекті қабылдап, оны жер­гілікті халыққа таратумен айналысуда. Хат­шы зардап шеккендерге тағы не қажет еке­нін айтты.
«Қазақстандықтардың қолдауын ал­ғашқы күннен-ақ сезіне бастадық. Жет­кілікті мөлшерде көмек жиналды. Өрт сөн­дірушілер азық-түлікпен қамтамасыз етіл­ді. Зардап шеккендерге мүмкіндігінше тұр­мыстық техника мен құрылыс ма­те­риа­л­дарын жіберуді сұраймыз», – деді ол.
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» пар­тия­­сы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтай өрт сөндіруге жұмылдырылған құт­қарушылар мен әскери қызметшілер-дің рө­лін атап өтті.
«ТЖМ-ның барлық жеке құрамына ал­ғыс айтамыз. Бүгін қалалық ауруханаға ба­рып, жергілікті тұрғын Темір Ха­ми­т­ұлы­ның көңілін сұрап қайттық. Ол ба­сын бәйгеге байлап, алапат оттың ара­сы­нан ауылдастарын алып шықты. Сөйтіп, жү­ріп түрлі жарақат алды. Зардап шеккен жан­дардың тезірек сауығып кетуін тілей­міз», – деді ол.
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» пар­тия­сы фракциясының мүшесі Динара Зә­­­киеваның айтуынша, эвакуацияланған адам­дардың басым көпшілігі уақытша ор­наластыру пункттерінен кетіп жатыр.
«Қазір онда 78 адам бар. Бұл – 25 отба­сы. Ендігі мақсат – олардың қалыпты өмір­ге оралуына көмектесу. Бұл үшін пар­тия барлық шараны қабылдауда», – де­ді ол.
«Жастар Рухы» ЖҚ-ның 300-ден ас­там волонтер тө­тенше жағдай орнында жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 1200-ден астам ерікті гуманитарлық көмек жинау пункттеріне жұмылдырылды.
«Мемлекет басшысы Қостанайға ба­рып, орман өртінен зардап шеккен аумақ­тар­ды тікұшақпен аралады. Әулиекөл ауы­лындағы мектепте орналасқан эва­куа­циялау пунктінде зардап шеккен аза­мат­тармен кездесті. Ел басына күн туғанда «AMANAT» елдің партиясы ретінде ал­ғашқы сәттен бастап жұмыла кірісіп, гу­ма­нитарлық көмек ұйымдастырумен ай­налысты. Бүгінде 807 тоннада астам гу­ма­нитарлық көмек жиылды, оның екі жүзге жуығы Қостанай облысына жөнелтілді», – деп атап өтті партия хатшысы Дәулет Кәрі­бек.
Әулиекөлге Нұр-Сұлтан, Алматы қа­ла­ларынан және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстары­нан жүк көліктері әлі де жөнелтіліп жа­тыр. Сонымен қатар Қостанай облысында өрт­тен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Бірыңғай қоғамдық қор құрылды. Бұл қорға «AMANAT» партиясы орталық ап­паратының ұжымы бір күндік жала­қы­сын аударады. Айта кетейік, 4 қыркүйек күні сағат 9.00-де «AMANAT» партиясының өңір­лер­дегі филиалдарында гуманитарлық кө­мек қабылдау пункттері ашылып, пар­тия мүшелері мен «Жастар Рухы» қа­­та­ры­нан волонтерлер жасақталған болатын. Бұл туралы сол күні партия Төрағасы Ер­­лан Қошанов Facebook-тегі парақ­ша­сында жазды: «Қостанай облысында бо­лып жатқан табиғи апат баршамызды алаң­датып отыр. Жағдай Мемлекет бас­шы­сының жеке бақылауында. Партия мү­шелері мен «Жастар Рухы» қатарынан во­лонтерлер жасақталды, апаттан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көр­сететін болады. Бұдан бөлек, «AMANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылды. Жағдайдың тезірек тұрақталуын тілейміз. Біз қостанайлықтармен біргеміз және бұл сынақтан бірге өтеміз!».
Партияның барлық аймақтағы фи­лиал­дары Қостанай өңіріне көмек көр­сетуде белсенділік танытуда. Түркістан об­­­­­лысынан келген волонтерлер алғаш­қы­лардың бірі болып қалпына келтіру жұ­мыстарына қатысуға дайын екенін жет­кізді. Белсенді Олжас Мамырдың ай­туын­ша, Түркістан облысының жастары мұн­дай қиын жағдайдың халыққа қанша­лықты ауыр екенін жақсы біледі. «Біз Арыс пен Мақтааралдағы оқиғалардан кейін тұрғындарға көмектестік. Ол кезде еліміздің түкпір-түкпірінен еріктілер біз­дің облысқа келіп, қалпына келтіру жұ­мы­сына тікелей қатысты, қажетті заттар жі­берді. «Жастар Рухымен» хабарласып, бір­ге екенімді жеткіздім және мені ерік­ті­лер қатарына қосуды сұрадым. Міне, таң ата салысымен еріктілермен алғашқы гуманитарлық көмекті жинауға кірістік. Алдағы уақытта Қостанай облысындағы өрт шалған орынға Оңтүстіктің аманатын жеткіземіз. Біз ел азаматтарымен біргеміз және ойланбастан Қостанай облысына жол тартамыз», – деп атап өтті Олжас Ма­мыр. «AMANAT» белсендісі, Түркістан қа­лалық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Жү­сіп­баев Қостанай облысында зардап шек­­кендерге көмек ретінде қабылдау пунк­­тіне 1 тонна ұн жеткізді. Ол бұған дейін де облыста орын алған төтенше жағ­­дайлар мен түрлі қайырымдылық ша­раларда демеушілік көрсетіп келген. «Тө­тенше жағдайды бастан өткерген өңірдің тұр­­ғыны ретінде кешегі апаттың қан­ша­лық­ты ауыр екенін түсінемін. Қазақта «Жұ­мыла көтерген жүк жеңіл» деген ма­қал бар. Ел болып бұл сынақтан да өтеміз деп сенемін. Мұндай көмекті жағдай тұ­рақ­талғанша жалғастыруымыз керек», – деді Н.Жүсіпбаев. Партияның Павлодар облыстық фи­лиалының мүшелері де белсенді жұмыс іс­теуде. «Қостанай облысындағы төтенше жағ­дай ешқайсымызды бей-жай қал­дыр­мады. Тұрғындар белсенді түрде көмек көрсетуде. Олар қолынан келгенше жылы киім, тұрмыстық техника, бірінші кезекте қажетті заттар, тамақ және су әкеліп жа­тыр. Еліміз бойынша осындай игі іс ж­а­сап, көмек көрсетуге барша жұрт атса­лысуда», – деді партияның Павлодар облыс­тық филиалының «Жастар Рухы» жас­тар қанатының төрайымы Санира Жүсіпова.
Қазіргі уақытта волонтерлер партия фи­­лиалдары жанынан ашылған гума­ни­тарлық көмек жинау пункттерінде жұмы­сын жалғастыруда. «AMANAT» партиясы об­лыстық филиалымен Қызылорда қа­ласы, 7 аудан және Төретам кентінде, бар­лығы 9 гуманитарлық көмек қабылдау пунк­ттері азаматтардан келген көмекті қа­былдауда. Алғаш болып өз көмегін жет­кізгендердің бірі – партия белсендісі, BIALI ЖШС төрағасы Асхат Шәукенбаев. Қиын сәтте өзінің қостанайлықтармен бірге екенін жеткізіп, жерлестерін жұмыла көмек көрсетуге шақырды. Партияның Шымкент қалалық фи­лиалы жанындағы гуманитарлық көмек жинау пунктіне де азық-түлік пен қажетті заттар жеткізілуде. Қостанайлық азамат­тар­ға көмек көрсету үшін Абай ауданына қарасты «Жібек жолы» көтерме базары мен «Сандыбаев» мал базары ұжымдары аты­нан жалпы 2 тоннаға жуық азық-түлік жә­не гигиеналық заттар әкелінді. Картоп – 500 келі, сәбіз – 200 келі, пияз – 500 келі, қырық­қабат – 100 келі, асқабақ – 20 келі, макарон өнімдері – 100 келі, күріш – 50 келі, шәй, сұйық май, сусындар және гигиеналық заттар да бар. Базар әкімшілігі қызметкерінің айтуынша, Қостанай облысында өрттен жапа шеккендерге көмек қоры жиналып жатқанын естіген бойда базар басшылығы мен кәсіпкерлер акцияға атсалысуға асыққан. «AMANAT» партиясы Өскемен қа­ла­лық филиалының атқарушы хатшысы Арай­лым Есімбекованың айтуынша, пар­тияның облыстық және аудандар мен қа­лалардағы барлық филиалында Қос­та­найдағы өрттен зардап шеккен тұрғын­дарға көмек көрсету бойынша жедел ор­талықтар ашылған. Сондай-ақ партияның әлеуметтік желідегі парақшаларында арнайы штабтың мекенжайлары мен нө­мірлері көрсетілген ақпарат жария­ланды. Соның нәтижесінде бір тәулікте жер-гілікті кәсіпкерлер, демеушілер мен тұр­ғын­дар­дан су, бұзылмайтын азық-түлік өнім­дері, сұйық май, тұрмысқа қажетті және ги­гие­налық заттар мен жаңа киімдер жиналған. Қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түк­пірінен азық-түлік, жеке тазалық заттары, киім-кешек, төсек-орын, сондай-ақ қа­жетті дәрі-дәрмек пен медициналық бұйым­дар тиелген жүк көліктері жөнел­тіліп жатыр.

Асыл ТҰМАР