«Түрмеде босанды» – қылмыс жасаған ене мен келін абақтыда жазасын бірге өтеп жатыр
«Түрмеде босанды» – қылмыс жасаған ене мен келін абақтыда жазасын бірге өтеп жатыр
Фото: yandex.kz
8,163
оқылды
Қаржы пирамидасын құрып, тұрғындарды алдаған ене мен келін абақтыда жазасын өтеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Келіннің түрмеге түскенде аяғы ауыр болған. Zakon.kz-тің жазуынша, қазір босанған келіншекке арнайы бөлме берілді. Енесін көмекші болсын деп қасына алдыртты.
«Ене мен келін қаржылық пирамида құрғаны үшін сотталып, Нұр-Сұлтан қаласының колониясында жазасын өтеп жатыр. Колонияға келген кезде келіні жүкті болды. Колония қызметкерлері оған бар мүмкіндікті жасап, әйелді дер кезінде перзентханаға жеткізді. Қазір  сотталған әйел мен баласы колония қабырғасында арнайы бөлмеде тұрып жатыр. Қажетті тағам, жөргек, киіммен қамтамасыз етілді. Келіннің жанында көмектесетін қайын енесі бар. Бала дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Бүгінде  біздің қызметкерлер баланың құжатын рәсімдеумен айналысуда», – деді ЕЦ- 166/10 мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Марат Жакишев.
Ене мен келін месенджер арқылы «екі есе пайда табасың» деп елді алдап, ақша жинаған.