Шығыс Қазақстандағы өрт: 400 гектар жерге тікұшақпен су шашып жатыр
Шығыс Қазақстандағы өрт: 400 гектар жерге тікұшақпен су шашып жатыр
Фото: tass.ru
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алтай ауданында дала өртеніп жатыр. Алтай ауданының «Зырян» және «Быков» орман шаруашылығында шөп пен бұта өртеніп жатыр. Қазіргі уақытта өрттің жалпы ауданы 400 гектарға жетті. Барлау жасау үшін «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің АН-2 ұшағы көкке көтерілді. Оқиға орнында 300-ге жуық адам және 24 техника тілсіз жаумен күресіп жатыр. Өртті сөндіруге суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Әуеден 2 рет жалпы көлемі 6 тоннадай су төгілді. Департаменттің жедел штабы сол жерде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. ШҚО-да дала өрті 2 қыркүйекте басталды. Ал Қостанайдағы орман өрті де әлі де толықтай сөнген жоқ.