Павлодарда такси жүргізушісі жол үстінде телефонмен ойын ойнаған
Павлодарда такси жүргізушісі жол үстінде телефонмен ойын ойнаған
Фото: polisia.kz
1,997
оқылды
Полицейлер Павлодарда жол үстінде телефонмен ойын ойнаған жүргізушіні жауапқа тартады. Polisia.kz-тің дерегінше, полицейлер әлеуметтік желіні бақылау кезінде tipavlo аккаунтында жарияланған бейнероликті анықтады. Қалалық маршруттық такси жүргізушісі қозғалыс жол үстінде мобильді ойын ойнаған. Видеоны жүргізушінің мінез-құлқына ашуланған жолаушылардың бірі түсіріп алған. Полицейлер жүргізушіні анықтады. Ол бұған дейін де осындай заң бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған.
«Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 591-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Ер адам жол қозғалысының ережелерін сақтауға уәде берді», – деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ринат Шарипов.
Биыл аймақта көлікте ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 1 900 жүргізуші жауапқа тартылды.