Түркістан облысында жайылымнан қой ұрлағандар ұсталды
Түркістан облысында жайылымнан қой ұрлағандар ұсталды
1,306
оқылды
Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Оның айтуынша, жайылып жүрген 600-ден астам бас қойының ішінен үшеуін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері аталған фактіні Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алды. Нәтижесінде, күдікті ретінде 4 жас жігіт анықталды. Қылмысқа қатысы бар төрт жігіттің мал ұрлап кетіп бара жатқан сәтте жол апатына ұшырағаны белгілі болды. Олардың көлігі қарсы бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан. Күдіктілер ауруханаға жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілді. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Көлік автотұраққа қойылып, қойлар иесіне қайтарылды.