ШҚО-ның Зайсан ауданына жаңа әкім тағайындалды
ШҚО-ның Зайсан ауданына жаңа әкім тағайындалды
Фото: gov.kz
782
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының әкімі болып Дулат Қажанов тағайындалды. Дулат Зайсанбекұлы 1984 жылғы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келген. 2007 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «мемлекеттік менеджмент және жергілікті басқару», ал 2011 жылы осы оқу орнын «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007-2009 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру бөлімінің жетекші маманы; 2009-2010 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің агроөнеркәсіп және өндіріс кешенін талдау секторының бас маманы; 2010-2013 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі; 2013-2018 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің орынбасары; 2018 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі қызметін атқарып келген.