Үш күнде қостанайлықтарға 1 200 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды

гуманитарлық көмек

Елімізде өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Небәрі үш күнде аманаттықтар 1 214 тонна гуманитарлық көмек жинады. Бұл – азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және тағы басқа.

гуманитарлық көмек

«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бибігүл Аққожина азық-түлік пен киім-кешек жеткілікті мөлшерде жиналғанын атап өтті. Қазір ең көп сұраныс құрылыс материалдарына қатысты болып отыр.

гуманитарлық көмек

Үшінші күні 196 тонна гуманитарлық көмек тиелген 13 жүк көлігі жіберілді. Соның ішінде Ұлытау, Жетісу, Атырау, Түркістан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларынан жолданған көмек бар. Мәселен, Түркістан облысынан аманаттықтар 72 тонна гуманитарлық көмек жолдады.

гуманитарлық көмек

«Облыс тұрғындары қостанайлықтардың жағдайына алаңдап отыр. Небәрі бір тәулікте 4 жүк көлігі керек-жараққа толтырылып, зардап шеккендерге жіберілді. Жағдай тұрақталғанға дейін гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратын боламыз және барлық түркістандықтарды ортақ іске қолдау көрсетуге шақырамыз», – деді «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсенбай Тәжібаев.

гуманитарлық көмек

Көмек жинауға белсенді атсалысқандары үшін партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов ақтөбеліктерге алғысын білдірді.

гуманитарлық көмек

«Игі іске қол ұшын созған адамдардың қарасы қалың. Осынау сын сағатта ауызбіршілігімізді танытып, ынтымақтаса әрекет етіп жатырмыз. Әркім ортақ іске өз үлесін қосқысы келеді. Қөмек қолын созған адамдардың барлығына алғыс айтамын», – деді ол.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.