Сыр елінің басшылары қостанайлықтарға біркүндік жалақысын аударды
Сыр елінің басшылары қостанайлықтарға біркүндік жалақысын аударды
386
оқылды
Қызылорда облысы әкімдігінің басшылық құрамы Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен азаматтарға біркүндік жалақысын аударды. Қаржы төтенше жағдай салдарын жоюға және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін қалпына келтіруге жұмсалады. "AMANAT" партиясының облыстық филиалы Қызылорда қаласында, 7 аудан мен Төретам кентінде 9 гуманитарлық көмек қабылдау пунктін ашып, күнделікті азаматтардан көмек қабылдауда. жалақы Бүгінде 30 тоннадан астам заттар жинақталды. Қабылданып жатқан заттар: бұзылмайтын азық-түліктер, жылы киім-кешектер мен көрпе-төсектер, тұрмыстық техникалар мен жабдықтар, гигиеналық заттар, балалардың оқу құралдары мен канцеляриялық заттар, құрылыс материалдары. Сыр елінің белсенді кәсіпкерлері де қаржылай көмек көрсететін болады. Облыс атынан гуманитарлық көмектің арнайы жүк көліктері Қостанай облысына бүгін, яғни 6 қыркүйек күні жолданады деп жоспарланып отыр.