Бірқатар облыста найзағай ойнап, жауын жауады
Бірқатар облыста найзағай ойнап, жауын жауады
237
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері республиканың бірнеше өңірінде ескерту жариялады. Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігіне, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-38 градусқа жетеді Ақмола облысының түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, облыстың солтүстік жартысында екпіні 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Абай облысының солтүстігінде, батысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-38 градус сақталады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында түнде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл соғады. Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, жылдамдығы түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с-ке жетеді Алматы және Қонаев қалаларында 35-37 градус қатты ыстық болады.