Ертіске батып кеткен әйелдің денесі 3 күннен кейін табылды
Ертіске батып кеткен әйелдің денесі 3 күннен кейін табылды
1,140
оқылды
Ертісте катер соғып кеткен әйелдің мәйіті 3 күннен соң табылды, – деп хабарлады іздеумен айналысқан "Vita" ұйымы.
"Жағалау маңында іздеу жұмыстары кезінде біздің еріктілер бірнеше күн бұрын суға батып кеткен әйелдің денесін тапты. Біз командамыздың атынан марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", – деп жазды волонтерлер өз әлеуметтік желідегі парақшасында.
Олардың айтуынша, өткен сенбіде әйел баласымен бірге Ямайка жағажайының жанында рұқсат етілмеген жерде демалған. Достарын кездестіріп, олармен бірге судың арғы бетіне баруға шешім қабылдаған.