«Ауыл аманаты»: Жамбыл облысының 20 ауылдық округін аралады
«Ауыл аманаты»: Жамбыл облысының 20 ауылдық округін аралады
390
оқылды
«Ауыл аманаты» мобильді то­бы Жамбыл облысының 20 ауы­лы­на барып, түсіндіру жұмы­с­та­рын жүргізуде. Мобильді топ кездесу барысында ауыл тұр­ғындарына жобаның мақсаты мен қа­лай субсидия алу керектігін түсіндірді.
«Бұрын кепілге жылжымайтын мүлік қойып, кооператив құру үшін белгілі бір адамдар санын жинау қажет болса, бұл жобада небәрі 5 АЕК көлемінде жарна төлеп, 3 адаммен бірігуге де болады. Бұл кә­сіпкерлер үшін үлкен көмек. Тұрғ­ын­дар­мен кездесуде берілетін кеңестің бірі – ауыл әкімдерімен тығыз байланыста бо­лып, ұсыныс-пікірмен бөлісу. Содан кейін жобаға өзгертулер енгізу барысында ең алдымен адамдардың сұранысы мен ті­лек­тері сараланады. Яғни, жоба ауыл тұр­­ғындарының әл-ауқатын жақсартуға сеп­тігін тигізеді», – деді маман Ұланбек Нұр­манов.
«Ауыл аманаты» жобасы Жамбыл об­лы­сында пилоттық режимде алғаш қолға алы­нып, оң нәтиже берді. Бұл жетістік ауыл тұрғындарын бағдарламаға қатысуға ын­таландыруы тиіс. Мәселен, респуб­ли­ка­лық бюджеттен осы өңірге 7,2 млрд теңге бө­лінді. Жобаға қатысуға 11 ауылдық округ ірік­телді. Осылайша, атаулы әлеуметтік кө­мек алушылардың саны 3 есеге қыс­қа­рып, аталған ауылдарда орташа айлық та­быс мөлшері 1,7 есеге ұлғайды. Жұмыс­сыз­дар саны 36 пайызға азайды. Микро-к­редит бойынша мерзімі өткен, 60 күннен ас­қан төлемдер болмады.
«Жоба ауыл тұрғындары үшін өте тиім­ді. Өйткені бірде-бір екінші деңгейлі банк 2,5 пайызбен несие бермейді. Әлеуметтік кә­сіпорын корпорациясы арқылы беріле­тін несие өте қолайлы. Мұндағы басты та­­лап – қаржының мақсатты жұмсалуы. Жо­ба арқылы барлық 19 өнім түрін шы­ғару­ға мүмкіндік аламыз», – дейді Жуалы аудан әкімінің орынбасары Рахымқазы Кунязов.
«Ауыл аманаты» жобасының ақ­парат­тық түсіндіру тобы 28 шілдеде еліміздің бар­лық өңіріне 40 күндік ақпараттық ма­ра­фонға аттанған болатын.

Асыл ТҰМАР