Құрмаш Мақанның концерті өтеді
Құрмаш Мақанның концерті өтеді
702
оқылды
Елорда төрінде әнші, компо­зитор Құрмаш Маханның «Жан сырым» атты жеке шығармашылық кеші өтеді. Айтулы кеш Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының ұйымдастыруымен өтеді деп жоспарланып отыр. Концертте композитордың халықтың сүйікті әндеріне айналған туындыларымен қатар, жаңа әндерінің де тұсауы кесілмек. Кеш 18 желтоқсан күні, "Қазақстан" ОКЗ өтеді. Сондай-ақ кеште әнші Әміре, Рухия Байдүкенова да өнер көрсетеді.