40 компания көшіп келді
40 компания көшіп келді
743
оқылды
Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Қазақстан-герман бизнес форумында ресейлік нарықтан кетуге ниетті жиырмадан астам елдің 300 компаниясына Қазақстан қызығушылық танытып отырғанын айтты. Олардың басым бөлігі Германия мен АҚШ компаниялары әрі не­гізінен өнеркәсіп, сауда және ақпараттық технологиялар саласын­да жұмыс істейді.
«Біз қызығушылық танытқан 300 компанияның елуі көшу жоспары жоқ екенін, ахуалдың бұдан әрі қалай дамитынын күтіп отырғанын айтты. 44 компаниямен уағдаластық бар. Олар қазір кеңселерін, қызмет­керлері мен өндірісін біздің елге көшіріп жа­тыр», – деді министрдің орын­басары.
Оның айтуынша, ең бірінші болып америкалық Honeywell корпорациясы Ресейден Алматыға кеңсесін көшірді. Басқару және автоматтандырудың электронды жүйесін шығаратын компанияның айналымы бүкіл Қазақстанның жалпы ішкі өнімінен асып түседі.
«Компаниялардың көпшілігі Қазақстанға келе алмайды. Өйткені экономикамыздың көлемі оларға жеткіліксіз. Бірақ олардың барлығы Еуразия нарығында қалуға қызы­ғады. Олар Ресейде жұмыс істей алмайды. Бірақ еуразиялық нарықта қалуға ниетті. Ал бізге олардың елімізде өндірісі ашылмаса да, тым болмағанда кеңсесінің ашылғаны маңызды», – деп атап өтті Алмас Айдаров.