Абай облысында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай Еңлік – Кебек ескерткіші ашылады. Бұл туралы Абай облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. «28 қыркүйекте заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы. Осыған орай қазақ қара сөзінің хас шеберінің құрметіне Абай облысында бірқатар шара өткізіледі деп жоспарланған. Соның бірі – Абай ауданындағы Еңлік – Кебек ескерткішінің ашылуы. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасына сәйкес, Абай ауданының аумағында орналасқан Еңлік – Кебек кесенесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар қос ғашыққа арналған ескерткіш орнатылады», –деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Жазушы трагедия жанрындағы «Еңлік – Кебек» пьесасын 1922 жылы жазған.