Димаш Құдайбергеннің Еуропадағы концерті басталды
Димаш Құдайбергеннің Еуропадағы концерті басталды
Фото: Интернеттен алынды
200
оқылды
Димаш Құдайбергеннің Ресейдің Краснодар қаласында «Арнау» бағдарламасымен концерті өтті, – деп жазады dimashnews. Ине шаншар орын болмаған концертке көрермен Ресейдің барлық аймағынан келген. Димаш Құдайберген Краснодардан кейін 20 ақпанда Қазанда (Татарстан, Ресей), 23 ақпанда Екатеринбургта (Ресей), 7 наурызда Ригада (Латвия), 9 наурызда Мәскеуде (Ресей), 11 наурызда Киевте (Украина), 19 наурызда Гамбургте (Германия), 21 наурызда Дюсселдорфта (Германия), 23 наурызда Штутгардта (Германия), 25 наурызда Прагада (Чехия), 4 сәуірде Минскте (Беларусь) жеке концертін өткізбек.