Қазақстанның коронавирус қатеріне жылдам жауап беруі таңғалдырады-Помпео
Қазақстанның коронавирус қатеріне жылдам жауап беруі таңғалдырады-Помпео
© Сурет ғаламтордан
АҚШ  Қазақстанның жылдам әрекет етуі мен  коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша қабылдаған шараларды жоғары бағалайды. Қазақстанға сапармен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео өз мәлімдемесін осылай бастады. Мемлекеттік хатшыға 1 ақпан күнгі кешкі жағдай бойынша Қазақстанда аурудың 46 ықтимал оқиғасы тексерілгенін хабарлады. "Вирустың таралуын тоқтатуға бағытталған Қазақстанның жылдам әрекет етуі таңғалдырады. Қытаймен шекараларыңыздың ұзындығы шамамен 1 100 миль немесе 1 800 шақырымға созылып жатуы алаңдаушылық туғызатыны сөзсіз, осыған байланысты бұл мәселемен бетпе-бет келген қазақстандықтар ғана емес", - деді Помпео. Оның айтуынша, тек Қазақстан ғана емес, Қытай да коронавирустың өршуіне ерекше көңіл бөледі. "Аурудың алдын алу және бақылау жөніндегі американдық орталық (CDC) сіздердің елде бар, біз Денсаулық сақтау министрлігіне аурудың әлеуетті жағдайларына мониторинг жүргізуге көмектесеміз", - деді Помпео. CDC Қазақстан Үкіметі үшін аурулардың алдын алу және бақылау бойынша басшылықты орыс тілінде ұсынады, халықаралық стандарттарға сәйкес талдаулар жүргізуді, дұрыс диагностиканы қамтамасыз ету мақсатында тәжірибе мен зертханалық материалдармен бөліседі. USAID арқылы зертхана қызметкерлері мен медицина қызметкерлері үшін жеке қорғану құралдары беріледі. "Вирустан зардап шеккен американдықтарға көмек көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді жасап жатырмыз және осы мәселені шешу үшін Қазақстандағы достарымыз үшін де солай жасаймыз. Біз осы мәселелерге көмек көрсетуді жалғастырамыз", - деді Помпео. Айта кетейік, 2 ақпан күні таңертең Қазақстанда коронавирус жағдайлары туралы ресми хабарлама жоқ.