«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстігінде қар, оңтүстік батысында, оңтүстікте түнде аздаған жауын-шашын, көбінісе қар жауады. Батыс Қазақстанда, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі солтүстікте бұрқасын соғады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, түнде Манғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде қалың тұман түседі.