Марат Бәшімов Қоғамдық кеңес төрағасы болып сайланды
Марат Бәшімов Қоғамдық кеңес төрағасы болып сайланды
Фото: qonaev.info
388
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысында кеңес төрағасы болып Марат Бәшімов сайланды. Марат Бәшімов – кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы және Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары. Өз кезегінде Қоғамдық кеңестің жаңадан сайланған төрағасы әріптестеріне сенім білдіргендері үшін алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін хабарлады. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды жемқорлыққа қарсы күрестен тыс қалмауға және жемқорлықтың барлық белгілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарлауға шақырды.