Алматыда полицейлер жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды
Алматыда полицейлер жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды
Фото: tengrinews.kz
299
оқылды
Алматы облысында полицейлер жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, кеше түнде Қарасай аудандық ПБ ППР қызметкерлері жүкті әйелге көмек көрсетті. Полицейлер толғағы қысқан әйелді перзентханаға барар жолда патрульдік көлікте босандырып алды.
«Оқиға Алматы-Боралдай-Жібек жолы автожолының 16-шақырымында болды. Ер адам патрульдік полицейлерді тоқтатып, жүкті әйелін ауруханаға жеткізуін өтінген. Жол бойында әйелді толғақ қатты қысып, полицейлер оны босандырып алуға мәжбүр болды. Алғашқы көмек көрсетілген соң, анасы мен жаңа туған сәби шұғыл ауруханаға жеткізілді, – деді полицейлер.
Дәрігерлердің айтуынша, ана да, бала да аман-есен.