Атырауда үшем дүниеге келді
Атырауда үшем дүниеге келді
499
оқылды
22 жастағы Аянгүл Сәбитова Атырау облыстық перинаталдық орталығында үшемді дүниеге әкелді. 8 қыркүйек күні өмірге келген нәрестелердің үшеуі де ұл. Сәбилердің екеуінің салмағы 1 келі 800 граммнан, үшінші сәбидің салмағы – 2 келі 200 грамм.
– Қазір ананың да, балалардың да жағдайы жақсы. Балалар анасының қасына шығарылды. Жас ана болған соң сәбилерді бағып, ем-дом жасауға арнайы медбикелер бекітілді. Қазіргі таңда олар ауруханада дәрігерлердің бақылауында, – деді орталықтың шала туған нәрестелер патологиясы,  II кезең күту бөлімшесінің меңгерушісі Түрлен Бегеева.
Жас ана жүктіліктің 34 аптасында Кесарево тілігі арқылы үшемді дүниеге әкелген. Шұғыл ота орталық директорының орынбасары, білікті акушер-гинеколог дәрігер Асқар Кенжеғалиевтің жетекшілігімен өтті. Атырау облысында  жыл басынан бері 11 333 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 114 егіз бала бар. Өткен жылдың   8 айында 109 егіз өмірге келген еді. Ал, үшем соңғы екі жылда тіркелген жоқ.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА