Нұр-Сұлтанда 20 бөлмелі жатақхана түн ортасында өртке оранды
Нұр-Сұлтанда 20 бөлмелі жатақхана түн ортасында өртке оранды
Фото: Интернеттен алынды
148
оқылды
Екі қабатты, 20 бөлмелі жатақхана өртенді, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитеті. «16 ақпанда сағат 21:37-де Нұр-Сұлтан қаласының өрт сөндіру қызметіне Күлтегін көшесіндегі екі қабатты жатақхананың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өртті сөндіруге ТЖД 26 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың екінші қабаты мен шатыры жанып жатқан. Жалын сағат 22:44-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Аталған жатақханада 20 бөлме болған» делінген Комитеттің ресми хабарламасында.