Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов президент сайлауында кандидатурасын ұсынбайтынын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі жазды.
«AMANAT» партиясы өз кандидатын ұсынады. Енді менің қатыспайтыным белгілі ғой. Ешбір сайлауға қатыспаймын. Сіздерге ресми түрде мәлімдеймін, биылғы сайлауға да, бұдан кейінгі саяси науқанға да қатыспаймын. Бірақ мен сол сайлауға қатысатын лайықты тұлғаны, лайықты үміткерді қолдаймын. Оны өздеріңіз де сезіп тұрған шығарсыздар. Ол – Қасым-Жомарт Тоқаев. Сол кісінің кандидатурасын қолдаймын», – деді Ерлан Қошанов.Оның айтуынша, қазіргі Президент сайлауға «AMANAT» партиясының атынан түсе ме немесе басқа ұйымдарды таңдай ма, оны өзі шешеді. Бұған дейін күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтетінін хабарлаған болатынбыз.