Доллардың теңгеге шаққандағы құны өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,59 теңгеге қымбаттады. Солайша, 1 АҚШ доллары үшін 473,10 теңге болды. Ұлттық банктің 7 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 472,47 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 472 теңге, сатып алу – 476 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 476,5 теңге. Ресей рублі 7,25 - 7,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.