877 медициналық нысан жаңартуды қажет етеді
877 медициналық нысан жаңартуды қажет етеді
1,144
оқылды
«AMANAT» партиясы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Денсаулық сақтау министрінің орынбасарлары қатысқан жиында партиялықтар Мемлекет басшысының Жолдауын талдады. ДСМ вице-министрі Вячеслав Дудниктің айтуынша, амбулаторлық-емханалық көмекті ұйымдастыруды, халыққа, соның ішінде, ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру жолдарын жасау үшін қазіргі денсаулық сақтау мекемелерінің мемлекеттік жүйесін оңтайландыру бойынша бірқатар іс-шара атқарылды. «Сондай-ақ, осы жүйеге байланысты жаңа бұйрық бекітілді. Бұл құжатқа сәйкес, 50 адамға дейінгі тұрғыны бар елді мекендер үйге шақырылатын медицина қызметкерімен қамтылады. Бұған дейін шалғай ауылдарға мұндай жағдай жасалған жоқ», – деді ол. нысан ДСМ мәліметінше, еліміздің аймақтарында 877 нысан жаңалауға зәру, 650 нысанға талдау және оңтайландыру жұмысы жүргізілді. Бүгінде денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық бюджеттің 53 пайызы емханалар жұмысына жұмсалады, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Биылғы жылдың жеті айында елімізде кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында көрсетілген консультативті-диагностикалық қызмет көлемі 3,1 млн-ға көбейген, былтырмен салыстырғанда, 20 пайыз артқан.

Айдана Нұрмұхан