Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады
Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады
Фото: sputnik.kz
8,678
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісіне бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысы жоқ. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, –деп хабарлайды Halyq Uni. Оның айтуынша, ҰҚК бұрынғы басшысының Қаңтар оқиғасын ұйымдастыруға қатысы бар-жоғы әлі анықталмаған.
Соттылық әлі анықталған жоқ. Қазір іс материалдарымен танысып жатырмыз. Бұл іске Ерлан Тұрғымбаевтың қатысы жоқ, – деді Әсет Шындалиев, Мәжіліс отырысынан кейін журналистерге берген жауабында.
Сондай-ақ ол экс-министрден куәгер ретінде жауап алынғанын, процессуалдық мәртебесінің жоқ екенін атап өтті. Айта кетейік, осыған дейін ҰҚК Кәрім Мәсімов пен орынбасарларына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлаған еді.