«Бригада» фильмінің саундтрегін жазған музыкант жартастан құлап, көз жұмды

«Бригада» фильмінің саундтрегін жазған музыкант жартастан құлап, көз жұмды

Австралияда композитор, Triplex жобасының мүшесі және «Бригада» сериалының саундтрегінің авторы Андрей Иванов қайтыс болды, – деп жазады «РИА Новости». Дереккөздің жазуынша, музыкант Сиднейде Бондай Бич жағажайының маңында жартастан құлап, көз жұмған. Андрей Иванов – электронды музыканы орындайтын ресейлік Triplex тобының құрылтайшыларының бірі. Ұжым 1992 жылы жұмысын бастады. «Катапульта» альбомын, «Баскервиль төбеті» композициясын және ремиксін шығарды. 2000 жылдары Triplex фильмдерге және телесериалдарға, мысалы, «Коллекционер», «Бой с тенью» және тағы басқа кинокартиналарға әуен жазумен танымал болды. 2003 жылы «Бригада» телехикаясына шығарылған саундтрек жылдың ең үздік рингтоны ретінде MTV Ресей сыйлығын алды.