Төтенше жағдайлар министрлігі бірнеше өңірде табиғи өртке байланысты мәлімдеме жасады
Төтенше жағдайлар министрлігі бірнеше өңірде табиғи өртке байланысты мәлімдеме жасады
308
оқылды
Қазақстанда өрт сөндірушілер бір уақытта бірнеше өңірде табиғи өртпен арпалысып жатыр. Осыған байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеме жасады.
Табиғи өрттердің туындау қаупін төмендету мақсатында азаматтардан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұраймыз:
  • жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға жол бермеу;

  • орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеу;
  • табиғатта аясында демалғаннан кейін шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып кету керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті шоғырландырып, өртеп жіберуі мүмкін;
  • өсімдіктерден тазарту және минералданған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізу;
  • табиғи өрттер туындаған жағдайда дереу 101, 112 телефондары бойынша өртке қарсы қызметке хабарлау қажет.

Рұқсатсыз жағу, құрғақ шөпті бақылаусыз жандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарында, орылған жерлерді өртеу және орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.