Камчатка жанартауын көруге барған 9 турист қаза тапты
Камчатка жанартауын көруге барған 9 турист қаза тапты
256
оқылды
Камчаткадағы жанартауды көруге барған 9 турист қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«Сәрсенбі күні таңертең ұшақ жанартауға қарай ұшты. Ұшқыштар көлікті 4158 м биіктікке көтеріп, қаза тапқандардың денесін алып, Ключиге жеткізді, содан кейін қайтадан шыңға шығып, операцияға қатысқан құтқарушыларды алып кетті», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай 10 турист пен екі гидтен тұратын топ 30 тамызда саяхатқа шыққан. 3 қыркүйекте тоғыз адам Ключевская шоқысы жанартауына көтеріліп, үшеуі 3300 м биіктіктегі лагерьде қалған. Жанартауға көтерілу кезінде алты турист көз жұмды, кейін қаза болғандар саны тоғызға дейін өсті. Алдын ала мәлімет бойынша, туристермен бірге төменде қалған гид жолдастарына көмектесу үшін өз бетінше көтерілуге әрекеттенген, нәтижесінде олардың қолдары мен аяқтарын үсік шалған. Ресейдің Камчатка өлкесі бойынша Тергеу комитеті екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету бойынша экскурсия ұйымдастырған компания басшысы мен нұсқаушысына қарсы екі қылмыстық іс қозғады. Туристік фирма директоры ұсталды, тірі қалған гид емделіп жатыр.