Павлодар облысында екі жерде дала өрті орын алды
Павлодар облысында екі жерде дала өрті орын алды
403
оқылды
Павлодар облысындағы өрт туралы ақпарат шұғыл байланыс желісіне кеше түнде келіп түсті. Әлеуметтік желіде дала өртінің видеосы пайда болды.
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт туралы хабарлама сағат 13:35-те түскен. Сәтбаев ауылдық округіне қарасты Шоқтау учаскесінде (110 км) құрғақ шөп жанған. Дала өртін сөндірумен Сәтбаев ауылының өрт сөндіру бекеті және ерікті өрт сөндіру құрылымының 30 адамы жұмылдырылған.
Сонымен қатар Жаңажол ауылдық округінде Жаңажол ауылының маңында Тасбұлақ, Бүркітті, Қажыгелді учаскелерінде де құрғақ шөп өртенді. Тілсіз жау туралы 12:14-те хабар келіп түсті. Өрттің жалпы ауданы 40 гектарды құрады, - делінген хабарламада.
Дала өртін сөндіруге Павлодар облысы ТЖД-нің 4 қызметкері мен 1 техникасы, Жаңажол ауылының ерікті өрт құрамасынан 40 адам жұмылдырылды. Өрт сағат 17:20-да сөндірілді.