Павлодарда бетон плита құлап, 25 жастағы жігіт қаза тапты

Павлодарда бетон плита құлап, 25 жастағы жігіт қаза тапты

Павлодар облысы Ақсу ауданында жазатайым оқиға болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Кеше сағат 12:21-де полицияға Қалқаман ауылында болған оқыс оқиға туралы хабар жетті. Промышленная көшесі 1-үй мекенжайы бойынша ЖШС-нің бетон плиталарды орнату кезінде 25 жастағы жұмысшысына қоршаудың бетон плитасы құлаған. Жарақат алған жас жігіт оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.