Әскерге шақырылғандарды медициналық тексеруден өткізу талаптары өзгерді
Әскерге шақырылғандарды медициналық тексеруден өткізу талаптары өзгерді
Фото: Интернеттен алынды
Биыл наурыз айынан бастап, жасы жеткен азаматтар Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылады, – деп хабарлайды 24.kz. Биыл медициналық тексеріс талаптары өзгерген. Болашақ жауынгерлердің денсаулығына да жіті мән беріледі. Жас жігіттердің қалқанша безі, іш құрылысы, жүрегі мұқият тексеріледі. Биыл әскерге 34 мыңнан аса азамат шақыртылмақ. Ұландар Қарулы Күштер қатарына, Ұлттық Ұлан сапына, Шекара және Мемлекеттік күзет қызметтеріне алынады. Қорғаныс күштері Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Сергей Кузнецов: «Әскерге іріктеу үшін өңірлердегі қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде комиссия құрылып жатыр. Негізгі талап бұрынғы. Мәселен, десанттық шабуылшы болғысы келетіндердің ең алдымен физикалық дайындығы ескеріледі. Спортшыларға, бойы ұзындарға басымдық беріледі», – дейді.