Алматыда мешітте ұрлық жасаған ер адам ұсталды – видео
Алматыда мешітте ұрлық жасаған ер адам ұсталды – видео
Фото: Видеодан скриншот
748
оқылды
Алматы қаласы Әуезов ауданында мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Polisia.kz-тің дерегінше, тұрақты жері жоқ 42 жастағы жұмыссыз ер адам ұсталды.
«В. есімді күдіктінің ұрлық жасаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбірленушінің айтуынша, мешітте намаз оқыған кезде телефонын еденге, аяғының астына қойған. Намаздан кейін телефонын таппай қалған. Ұры сол күні-ақ ұсталды. Ұрланған IPhone ұрының қолында болды. Ұры өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтып отыр. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді Әуезов ауданы ПБ қарасты полиция бөлімінің басшысы Елнұр Құдретбаев.
https://youtu.be/hlYGlZspuA0 Бұған дейін садақа жәшігін ұрлаған ер адам туралы жазған болатынбыз.