Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-ның хабарлауынша, сейсмикалық стансалар желісі 17 ақпан күні жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Алматы уақытымен 07 сағат 52 минут 04 секундта тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 374 шақырым жерде, Алматы облысының аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9,6. MPV тербелісі – 3,8. Тереңдігі – 5 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеді.