Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды

Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды

Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды. Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы ІІМ-нің көрнекі құралдары бар  Hyundai  автокөлігін ұстаған. Кейін белгілі болғанындай, фильмдердің бірінің әкімшілігі көлікті реквизит ретінде пайдаланғаны анықталды. «Яғни, сценарий бойынша фильмде патрульдік полициямен эпизод бар. Ол бұл әрекеттердің заңға қайшы және жауапкершілікке әкеп соғатыны туралы ойланбастан, полицияның қызметтік көліктерінің дәл көшірмесін жасауды ұйғарған. Әрбір кинорежиссер қажет болған жағдайда жалған реквизиттер, бұл жағдайда полиция көлігі, қолдан жасайтын болса, хаос болады. Ол кезде жалған полицейлерге өздерінің қылмыстық істерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков. Полиция өкілі, жалған көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылғанын және оның авторларына заң аясында шара қолданылатынын атап өтті. Сонымен қатар  ПД-да осыған ұқсас деректерге жол берілмейтінін ескертіп, әрбір мұндай эпизодқа түбегейлі құқықтық баға берілетініне уәде берді.