Путиннің Қазақстанға келетін күні белгілі болды
Путиннің Қазақстанға келетін күні белгілі болды
Фото: Валерий Шарифулин / фотохост-агентство ТАСС
941
оқылды
Ресей президенті Владимир Путин 12-14 қазан аралығында Нұр-Сұлтанға келеді, –деп хабарлайды РИА Новости. Ресей президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковтың мәлімдеуінше, Владимир Путин Нұр-Сұлтанда өтетін Азиядағы ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және ТМД саммитіне қатысады. Аталған шаралар 12-14 қазанға жоспарланған.
«Ресей президенті Нұр-Сұлтанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысады және сол жерде ТМД саммиті өткізіледі. Іс-шаралар қазан айының ортасына – 12-14-і аралығында өтеді», – деді Ю.Ушаков.
Сондай-ақ Ресей президенті көмекшісінің айтуынша, Қазақстанға сапары барысында Путиннің кездесуін «Ресей – Орталық Азия» форматындағы жоғары дәрежеде өткізу жоспарланып отыр.